Көмектесу үшін бірігеміз

Көмектесу үшін бірігеміз

30 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!

Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Акцияның өтетін орындары:

1. Ақтау қаласы - 34 ш/а, 9 ғимарат «Достық үйі»

2. Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы - «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі», Кендірлі ауылы, Жұлдыз ш/а, Жыңғылды көшесі, 200А ғимарат

3. Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы - “AMANAT” партиясы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжиев көшесі, 9 Г

4. Қарақия ауданы Құрық ауылы- «Қарақия Аудандық Тарихи-өлкетану музейі» , 1 ш/а., 341 ғимарат

5. Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы - «Мәдениет үйі», Орталық көшесі, 42 ғимарат

6. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы - «Фариза Оңғарсынова атындағы мәдение үйі», 24 квартал, 10/5 ғимарат

7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы - «Мәдениет үйі», Нұрсұлтан Оңғалбайұлы көшесі, 53

Толығырақ: https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/

Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!

Маңғыстау обылысы Әділет департаменті.