Бүгін, 22 мамыр күні Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде Маңғыстау облыстық мәслихатының кәсіпкерлік, аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ұйымдастыруымен «Қатты тұрмыстық қалдықтар және оларды залалсыздандыру мәселелері» тақырыбында көшпелі қоғамдық тыңдау өтті.
Отырысты Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Жанбырбай Жөнібекұлы Матаев жүргізді. Тыңдау барысында Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Қажымұқанұлы Жанкеев, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығы, полиция подполковнигі Нұрсейт Нерұович Оразов және Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сәми Әділет Досанұлы баяндама жасады.
Қоғамдық тыңдауға Жаңаөзен қалалық әкімдігі, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қоғамдық тыңдауға қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.
Тыңдау соңында «Кәсіпкерлікті жүйелі жүргізу» бойынша Үндеу қабылданады.