Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Азаматтық қоғам
31 июля 2024
ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді.

Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаның басты бетінде "Бейне қызметі" батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.

«Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтар үшін ыңғайлы. Егер халыққа қызмет көрсету орталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уақытта жету қиын болса, азаматтар ХҚКО қызметкеріне бейнеқоңырау шалып, қызмет ала алады. Қосымша қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400 мыңға жуық қолданушысы бар", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді.

Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.

Азаматтық қоғам
31 июля 2024
Маңғыстау облысының АХАТ бөлімдері арқылы бірінші жартыжылдықта 20 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қосылғанына 1 жыл өтті. Маңғыстау облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы 2024 жылдың 6 айында 23 507 қызмет көрсетілген.

Маңғыстаулықтар көбіне баланы  тууды тіркеу мемлекеттік қызметіне жүгінген. Атап өтсек,  2024 жылдың 1- жарты жылдығында тұрғындар 9836 тууды тіркеу қызметін пайдаланған.

Айта кетейік, АХАТ органдары тууды, өлімді, неке қиюды және некені бұзу сияқты құжаттарды тіркейді. Бұдан басқа акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізеді, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіреді және жояды. 

Азаматтық хал актілері жазбалары «АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесі арқылы 2007 жылдан бастап электронды тіркелуде. Ал осыған дейін қолмен жазылған акт жазбалар мұрағаттарда сақталған.

Мемлекеттік қызметтер аумақтан тыс қағидат бойынша көрсетілетінін атап өткен жөн. Қызмет алушы тұрғылықты мекен-жайына, ол туралы акт жазба қай жерде тіркелгендігіне қарамастан, кез-келген АХАТ бөлімі арқылы  қайталама  куәліктері мен анықтамаларын  және АХАТ қызметіне байланысты өтініштерді бере алады.      

Азаматтық қоғам
29 июля 2024
05.08.2024 жылы Жаңөзен қаласы әкімі аппаратында және оған қарасты мемлекеттік мекемелер қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді

05.08.2024 жылы Жаңөзен қаласы әкімі аппаратында және оған қарасты мемлекеттік мекемелер қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді

Азаматтық қоғам
04 июля 2024
Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGov mobile» қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болатынын ескере кетейік.

Кезекші орталықтардың мекенжайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп, таныса аласыз.

Азаматтық қоғам
26 июня 2024
Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады.

 Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастап жүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды.

«Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйвері ретінде Invisible Government жолында технологиялық және клиентке бағдарланған сервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің әкімдіктің жүйелерімен интеграциялануының арқасында мүліктің жаңа иелеріне коммуналдық қызметтерді ұсынушылармен автоматты түрде шарт жасау мүмкіндігі пайда болды», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатып алған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралы ұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтерге жіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсыз автоматты түрде шарт жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS-хабарлама келіп түсіп, дайын құжатқа сілтеме беріледі.  

Жақын арада Мемлекеттік корпорация жоба ауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді.

Азаматтық қоғам
24 июня 2024
Маңғыстаулықтарға 900-ге жуық ХҚКО қызметі үйде көрсетілген

2024 жылдың 5 айында Маңғыстау облысының тұрғындары «Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақырту» қызметін 900-ден астам рет пайдаланған.

Бұл қызметті ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілген тұлғалар пайдалана алады. 

ХҚКО қызметкерін шақырту үшін 1414 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш қалдыру қажет. Оператор қажетті қызмет түрін және қызметті көрсетудің қолайлы уақытын анықтайды.

Айта кетелік, үйде көрсетілетін қызметке Маңғыстауда көбіне электрондық цифрлық қолтаңбаны алу және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қызмет ала алады, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала кезекке жазыла алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы
24 июня 2024
Жаңаөзен қаласының әкімдігі 3 аталым бойынша «Жасыл қала» байқауын жариялайды.

1) жеке тұрғын үйлер арасындағы «Менің үйім - қаладағы үздік үй» аталымы;

2) көп қабатты тұрғын үйлер арасында «Үлгілі аула» аталымы;

3) меншік түріне қарамастан қала аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер арасында «Таза қала» аталымы.

Байқауға жеке үй иелері, кондоминиум обьектісін басқару бойынша қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер қатыса алады. Конкурс жеңімпаздары сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталады.

📌 Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Өтінімдер Жаңаөзен қаласы, мемлекеттік мекемелер ғимараты, 3 қабат, 308 кабинет мекен жайы бойынша «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де және электрондық пошта арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (72934) 93097

Электрондық пошта: jkx64@mail.ru

Азаматтық қоғам
19 июня 2024
Мемлекеттік корпорация ұсынған жаңа қызмет көлікті қайта тіркеу процесін жеңілдетеді

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.

Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.

Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.

Азаматтық қоғам
05 июня 2024
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

 

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
23 мая 2024
59 млрд тенге: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарналар түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төрт айында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлем өңдеді. Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әр салымшының барлық зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Содан кейін ЖБМЗЖ сомасы үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.

ЖБМЗЖ-ның он пайыздық зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы - бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.

Шартты жинақтар - зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс.

Социальные сети
Жаңаөзен қаласының әкімдігі
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері