Ақтауда 380 м³ жаңбыр суы алынды

Ақтауда 380 м³ жаңбыр суы алынды

Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізілді:
- №12 автомобиль жолы, «Евразия» банк маңы;
- 17-шағын аудан, Халық арена;
- №24 және №31 автомобиль жолының қиылысы, «Кеден» ғимаратының маңы;
- 16 шағын аудан, «Инара» ТҮК-нің маңы;
- 31Б және 32Б шағын аудан аралығы;
- №29 автомобиль жолы, Хазар базары;
- 31 шағын аудан, Сары базар.

Бұл жұмыстарға 23 қызметкер, 5 техника және 7 мотопомпа, 2 бойлер жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 380 м3 су алынды. Су алу жұмыстары жалғасуда.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі