
Ақтауда магистралдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты 6а-шағын аудан мен 3б-шағын аудан арасындағы жол уақытша жабылады.
Аталған жұмыстар 16 мамыр мен 20 мамырға аралағында жүргізіледі.
Жолдың жабылатын уақыты: 16 мамыр, сағат 20:00.
Жөндеу жұмыстарына жауапты мекеме – «Алматыинжстрой» АҚ қала тұрғындарынан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуын сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі