Ақтауда 4 000 шаршы метр жол таңбасы суық пластикпен сызылды

Ақтауда 4 000 шаршы метр жол таңбасы суық пластикпен сызылды

Ақтауда автомобиль жолдарына жалпы 12 000 шаршы метр жол таңбасы сызылды. Одан бөлек, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 4 000 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы суық пластикпен жаңартылды.

«Компания Строй Инвест 2020» мекемесінің қызметкері Мирас Рзаханов жаяу жүргіншілер жолағын суық пластикпен жаңартқан кезде қосымша шыны микрошариктер себілетіндігін айтты.

-Суық пластик — жол таңбаларын сызу үшін қолданылатын заманауи материал. Ол өзінің беріктігімен, ұзақ мерзімділігімен және ауа райына төзімділігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағын суық пластикпен жаңартқан кезде қосымша шыны микрошариктер себіледі. Бұл түнгі мезгілде жүргізушілерге жол таңбаларын анық көруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстарға 2 бригада жұмылдырылды. Аталған жұмыстар жалғасуда, - деді «Компания Строй Инвест 2020» мекемесінің қызметкері Мирас Рзаханов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі