
2024 жылдың 12 желтоқсан күні Ақтау қаласы әкімінің есеп беру кедесуінде тұрғындардың бірі қаладағы аялдама жеткіліксіздігін алға тартқан еді. Тұрғын өтінішіне сәйкес биыл қалада 100 дана аялдама орнатылады.
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов аялдамаларға жауапты мердігер мекеменің өндіріс орнына барып, жасақталып жатқан жаңа аялдама үлгісін көрді.
– Сапалы жасалуы керек. Тұрғындардың жайлылығын ойлау керек. 100 аялдаманы тұрғындардың сұранысы бойынша, қажет ететін шағын аудандарды анықтап, сол жерлерге орнату керек, – деді Әбілқайыр Байпақов.
Қазіргі күні жаңа аялдамалар орнатылатын нүктелер бекітілді. Алдағы күндері орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Осылайша қала аумағында аялдамаларды орнату ісі 100%-ға жетпек.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі