«Айтылды-орындалды»: Ақтауда тұрғын өтінішіне сәйкес жол белгілері жаңа материалмен жаңартылып жатыр

«Айтылды-орындалды»: Ақтауда тұрғын өтінішіне сәйкес жол белгілері жаңа материалмен жаңартылып жатыр

2024 жылдың 12 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардың бірі қала жолдарындағы жол белгілері сапасыздығын айтып, жаңартуды сұраған болатын. Қазіргі таңда жол мамандары орталық автомобиль жолдарындағы жол жүру белгілері мен жаяу жүргінші жолағын жаңартып жатыр.

Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов аталған жұмыстармен танысып, жол белгілерінің сапасын тексерді. 

– Бұл бастаманың ерекшелігі, жол белгілерін бұрынғыдай жиі сырламаймыз. Салқын пластик 3-4 жылға дейін шыдамды. Еліміздің үлкен қалаларында тәжірибеде қолданады. Шетелдік материал. Ерекшелігінің тағы бірі түнгі мезгілде жол белгілері жарқылдайды, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан. 

Әбілқайыр Байпақов сала басшысының баяндамасын тыңдаған соң, жұмысты сапалы әрі жүйелі жүргізуді тапсырды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі