Ақтаулық сарбаздар сапта ән салып бақ сынады

Ақтаулық сарбаздар сапта ән салып бақ сынады

Бүгін, Ақтауда 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай теңіз жағалауындағы «Амфитеатр» алаңында «Сарбаздар ән салғанда» атты саптық ән байқауы өтті.

Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен байқауға 7 команда қатысты. Әр команда сап түзеп, патриоттық әндерді орындап, өздерінің жоғары тәртібі мен шығармашылық қабілетін көрсетті. Қатысушылардың өнерін арнайы қазылар алқасы бағалап, үздіктер марапатқа ие болды.

Бас жүлде - 51809 Әуе қорғаныс күштері;
І орын - 25744 Жаяу теңіз әскерлер базасы әскери бөлімі;
ІІ орын - 6656 Ұлттық ұлан әскери бөлімі;
ІІІ орын - 3205 Ұлттық ұлан әскери бөлімі.

Ал 30153 және 21814 әскери бөлімдері алғыс хатпен марапатталса, Жағалау күзетінің І дивизионы арнаулы жүлдеге ие болды.

Әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бойындағы патриоттық рухты көтеру, өнер мен әскери тәртіпті үйлестіру мақсатында ұйымдастырылған шарадан көрермендер мен қатысушылар ерекше әсер алды. Сонымен қатар ел тыныштығы үшін борышын өтеп жүрген сарбаздардың рухын асқақтатты.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі