Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті ақтаулықтар және қадірлі қала қонақтары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – елін, жерін, халқын шексіз сүйетін, бейбіт өмір мен тәуелсіздік үшін аянбай қызмет етіп жүрген нағыз батырлардың, ержүрек жауынгерлер мен сарбаздардың, әрбір ер-азаматтың мерекесі. Бұл – ерлік пен намыстың, елжандылық пен парыздың, адалдық пен абыройдың мейрамы.

Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті міндеті, жүректен шығатын адал анты. Бүгінгі күні бейбіт аспанымызды күзетіп, ел тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне шексіз алғыс білдіреміз.

Қайсар рухты батыр бабаларымыздың жолын жалғап келе жатқан бүгінгі ұрпақ – ел үмітін арқалаған ерлер. Сіздердің табандылықтарыңыз бен ерліктеріңіз – ұрпаққа үлгі, болашаққа тірек.

Осынау мерейлі күні Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, зор денсаулық, қажымас қайрат, мол табыс тілеймін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Ақтау қаласының әкімі
Әбілқайыр Байпақов

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі