Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор.
Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетті” деп атап өткендей қарулы күштеріміз біздің ынтымағымыз бен бейбіт өміріміздің кепілі.
Бейбіт күннің аясында еселі еңбек етіп, тәуелсіз елімізді де, туған өлкемізді де өркендете берейік! Баршаңызға зор денсаулық, абырой және баянды бақыт тілеймін!
Аспанымыз ашық, халқымыз аман, жастарымыздың болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай
Ақтау қала әкімдігінің баспасөз қызметі