Ақтауда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Ақтауда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Бүгін, 6 мамыр күні Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, жиналғандарды отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Шаһар басшысы мереке аясында әскери сала мен құқық қорғау органдарының өкіліне құрмет көрсетті. Сондай-ақ шара аясында қаланың мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан коммуналдық сала мен әкімдік қызметкерлері марапатталды.

«Бүгін, Отан қорғаушылар мерекесінің қарсаңында арнайы осы салтанатты шараға Ақтау қаласының өсіп өркендеуіне, дамуына өз еңбегімен өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтарды шақырдық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы еңбек адамының қоғамдағы рөлін айқындап берген. Әр азаматтың, әр қызметкердің, әр маманның адам өмірінде, жалпы қоғамның дамуына қосып жатқан үлесі ерекше. Мереке құтты болсын», – деді Әбілқайыр Байпақов.

Мерейі тасыған сала өкілдері де жұртшылықты мерекемен құттықтап, қала әкіміне ризашылығын білдірді.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі