Ақтау қаласында шағын ауданішілік жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда 7-шағын ауданның ішкі жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
– Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан 7-шағын ауданішілік автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек бекітілген кестеге сәйкес басқа да шағын аудандарда шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.
Айта кетейік биыл Ақтауда 50 мың шаршы метрге жуық шағын ауданішілік жолға асфальт кезең-кезеңімен төселеді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғындар мен жүргізушілерден өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністік танытуын сұрайды.
Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі