Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарын қабылдады

Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарын қабылдады

Бүгін, 5 мамыр күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов кезектілік тәртібімен жазылған қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген 30-ға жуық азамат шаһар басшысына тұрғын үй кезегі, баспана, коммуналдық төлем, көпқабатты үй аулаларының тазалығы, қоғамдық аялдама сондай-ақ қаланы көгалдандыру сынды маңызды салаларға қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Әбілқайыр Байпақов әрбір өтінішті мұқият тыңдап, нақты шешім қабылдау үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі