Пробация есебінде тұрған тұлғаларға арналған вакансия жәрмеңкесі өтуде

Пробация есебінде тұрған тұлғаларға арналған вакансия жәрмеңкесі өтуде

Ақтау қаласында Мансап орталығы ғимаратында пробация есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – есепте тұрған азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, қоғамға қайта бейімдеу, өмірге жаңаша қадам басуына мүмкіндік беру.

Жәрмеңке аясында жұмыс берушілер өз мекемелеріндегі бос орындарды ұсынып, азаматтармен тікелей әңгімелесу жүргізді.

Сонымен қатар, шара барысында әлеуметтік көмек көрсету мәселелерімен бірге заңгерлік кеңестер де берілді. Қатысушылар "Amanat" партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында несиелік қарызын өтей алмай жүрген тұлғаларға, яғни,  90 күннен аса кредит немесе займ төлемдері бойынша кешіктірген азаматтарға тегін заңгерлік  көмек көрсетті. Оның ішінде, арестерді шешу, қарызды  қайта құрылымдау, соттан  тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, алаяқтардан зардап шеккендерге көмек берді.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі