Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары алдында есеп берді.
Кездесу барысында басқарма басшысы депутаттарға «Ақтау Фиш» ЖШС-не тиесілі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты оны мәжбүрлеп иеліктен шығару шарттарының жобасын таныстырды. Ол қала аумағында су тұщыту зауытын салудың маңыздылығын атап өтіп, бұл қадамның тиімділігін растайтын құжаттарды ұсынды.
Сонымен қатар, биыл қаладағы магистральдық жылу желілерін жаңартудың екінші кезеңі басталмақ. Сала басшысы депутаттарға құрылыс жұмыстарының кестесін таныстырып, жоспарды нақтылады.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының есебін тыңдаған депутаттар атқарылатын жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуін және халыққа қолайлы жағдай жасалуын ұсынды.
Айта кетейік, 17 сәуірде Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары кезектен тыс XXI сессияда қала әкіміне күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалармен кездесу ұйымдастыруды ұсынған болатын.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі