Ақтау қаласындағы суға түсуге тиым салынған және рұқсат етілген аумақтар

Ақтау қаласындағы суға түсуге тиым салынған және рұқсат етілген аумақтар

Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысындағы ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешіміне сәйкес, облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 10 орын белгіленген.

Аталған учаскелер шомылуға арналмаған су айдындарының ықтимал қауіпті учаскелері болып табылады.

Ақтау қаласында тыйым салынған 3 аумақ бар. Олар: 

❌ 4а шағын ауданында орналасқан «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен бастап 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы; 

❌ «Шора» су арнасының жағалауы;

❌ «МАЭК» ЖШС каналының жағалауы.

 

Ақтау қаласында рұқсат етілген 4 коммуналдық жағажай бар. Олар: 

✅ Приморский шағын ауданындағы «Солдатский» жағажайы;

✅ 4а шағын ауданындағы «Бриз» яхт-клубының оң жақ бөлігіндегі жағажай;

✅ 4а шағын ауданындағы «Бриз» яхт-клубының сол жақ бөлігіндегі жағажай;

✅ 7а шағын ауданындағы «Шевченко» тұрғын үй кешенінен 10 метр жердегі жағажай.

Бұдан бөлек қала аумағында 21 ақылы жағажай тіркелген.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі