
Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 7-шағын аудандағы «Мәңгілік алау» және «МИГ-21 ұшағы» монументтерін жаңарту, аумақты абаттандыру, тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алау» монументі сырланып, жаңадан плиталар орнатылуда. Алаңдағы кеспе тастар жаңартылып, 30-ға жуық жарық бағыналары сырланып, шамдары ауыстырылып жатыр. Сонымен қатар алаң аумағында көгалдандыру мен санитарлық-тазалық жұмыстары да қарқынды жүруде.
«Аталған жұмыстарға бес мердігер мекемеден 70-тен астам жұмысшы мен 5 арнайы техника жұмылдырылған», – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарушалық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі