Шұңқырлы жөндеу, жол таңбаларын сызу: Ақтауда жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде

Шұңқырлы жөндеу, жол таңбаларын сызу: Ақтауда жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде

Ақтауда 19 және 30 шағын аудан аралығындағы негізгі жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы жыл басынан бері негізгі автомобиль жолдарына 6000 шаршы метрге жуық асфальт төселді.

Сондай-ақ, суық пластик материалы арқылы жаяу жүргіншілер жолағы және жол бағытын көрсететін таңбалар жаңартылды:

Барлық жұмысқа 60-қа жуық қызметкер жұмылдырылды.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі