Ақтау қаласындағы 9-шағын аудан 29 үйдің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына үлес қосып, қоршаған ортаға қуаныш сыйлауда.
Тұрғындар бірлесіп, үй ауласының аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Өз қаражаттарына түрлі сәндік гүлдер мен өрік ағаштарын отырғызып, аумақты тазалап, көз тартар жасыл желекке айналдырған. Сонымен қатар, жасыл желекті жүйелі түрде күтіп-баптау үшін заманауи автоматтандырылған суару жүйесін де орнатқан.
«Өз бастамамызбен үй аумағына өсімдіктерді, тыңайтқыштарды сатып алып, көгалдандырдық. Біздің үйдің жанынан өткен әр адам таңданып қана қоймай, үлгі алып, үйлерін, аумақтарын жасылдандырғанын қалаймын, өйткені бізде қалада жасыл желектер аз»,- дейді тұрғындардың бірі Людмила Мурашка.
9-шағын аудан тұрғындарының бұл бастамасы өз үйлеріне және қоршаған ортасына деген терең құрметі мен қамқорлығын айқын көрсетеді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі