Түркі әлемінің мәдени астанасында — Шымкент ардагерлері

Түркі әлемінің мәдени астанасында — Шымкент ардагерлері

Бүгін, 18 сәуірде Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері Маңғыстау облысына арнайы сапармен келді. Делегация құрамында қаланың зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен ардагерлер ұйымының жетекшілері бар.

Рухани сапар барысында қонақтар алдымен Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, өңір тарихымен танысты. Бұдан кейін Ж. Мыңбайұлы ескерткішіне барып, баба рухына тағзым етті.

«Бұл рухани-мәдени шараның басты мақсаты – қос өңір арасындағы ынтымақтастықты арттыру, тарихи-танымдық тәжірибе алмасу және жас ұрпаққа үлгі болатын ұлттық құндылықтарды насихаттау», – деді Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбай.

Маңғыстаудың әулиелі, киелі орындарын аралау арқылы делегация мүшелері түбектің рухани бай мұрасымен тереңірек танысып, елдік бірлік пен бауырластықтың маңыздылығын айшықтай түсті. Осылайша Маңғыстау мен Шымкент ардагерлері арасындағы рухани байланыс нығая бермек.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі