Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті

Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті

Бүгін, Ақтау қаласы әкімдігінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы және кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті.

Жиынға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:

1. Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №12/76 «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Ақтау қаласы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;

3. «Актау Фиш» ЖШС тиесілі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару шартының жобасы туралы.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Жиын соңында қала әкімі Әбілқайыр Байпақов барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы мен сессия жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

«Құрметті Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары, бүгінгі күн тәртібінде қойылған мәселелерді қолдағандарыңызға үлкен алғыс білдіремін. Ақтау қаласындағы өзекті мәселенің бірі - су тапшылығы. Осыған байланысты күн тәртібіне осы мәселе қойылған болатын. Ақтау қаласының тыныс тіршілігі үшін маңызды болғаннан кейін, жан-жақты талқыланып, қандай пайдасы бар, қандай қажеттлігі бар оның бәрі талқыланған болды деп есептеймін. Сондықтан да бұл мәселені қолдағандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін», – деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі