
16 сәуір күні Жеңістің 80 жылдығы аясында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтау қалалық филиалы мен Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қала ардагерлері арасында бильярдтан біріншілік өткізілді.
Аталған турнир ардагерлерді белсенді өмір салтына баулу, салауатты өмірді насихаттау және аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Турнир қорытындысы бойынша:
• І орын – Нұрлыбай Ізмағанбетов;
• ІІ орын – Мырзабай Нұғыман;
• ІІІ орын – Такеш Қанатбаев иеленді.
Жеңімпаздар арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, біріншілік барысында жақсы нәтиже көрсеткен тағы үш ардагерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі