Көгалға көмкерілген көрікті аула

Көгалға көмкерілген көрікті аула

Шаһар шырайын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы орайда Ақтаудағы “Тұран” тұрғын үй кешені заманауи стандарттарға сай келетін, абаттандырылған көрікті ауласымен көзге түседі. 

Кешен аумағында балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңдары, спортпен айналысуға арналған ашық алаңдар және тынығу орындары қарастырылған. Жасыл желекке оранған аула тазалығымен де тәртібімен де ерекшеленеді. 

Кешен тұрғындары мен қызмет көрсетуші тарап көгалдандыру жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, аула тазалығы мен абаттандыруына басымдық беріп отыр. 

“Бүгінде аулада 30-дан астам түрлі өсімдік түрі жайқалып өсіп тұр. Барлық өсімдіктер тұрақты түрде бақылауда — олар апта сайын суарылып, күтім жасалады. Аулада жасыл желектерді суаруға арналған автоматтандырылған суару жүйесі орнатылған.” – дейді кешеннің көгалдандыру ісінің маманы.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі