
Бұған дейін Ақтау қаласының теңіз жағалауында тұрған орындықтарды қазіргі таңда қаланың қоғамдық орындарына орнату жұмыстары жалғасуда.
Алайда, бүтінді бүлдіретіндер қатары азаймай тұр дейді жауаптылар. Осы ретте Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан орындықтарды ұқыпты ұстауға шақырады.
“Қала тұрғындарды мен қонақтарынан орнатылып жатқан орындықтарды таза және ұқыпты ұстауларыңыз сұралады”, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Басбаев
Қала тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік орындықтарға қатысты оң пікір айтты.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі