Сенбілік: қала қоқыстан тазартылып, жас шыбықтар бой көтерді

Сенбілік: қала қоқыстан тазартылып, жас шыбықтар бой көтерді

Бүгін, Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық шарада қала аумағы қоқыстан тазартылып, талдар егілді.

Сенбілікке 500-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. Бұл жұмыстарға қала әкімдігінен 10-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Экологиялық шара Самал ш/а Резиденция аумағы, “Кездесу” газ құю бекетінен бастап 38 және 40 ш/а аралығына дейін сонымен қатар жылы жағажай маңында жүргізілді. Сондай-ақ 18 шағын ауданда 500-ге жуық ағаш отырғызылды. 

Сенбілік нәтижесінде қала аумағынан 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 

“Қала тұрғындарын қала аумағында қоқыстарды белгіленбеген жерге тастамауға және қала аумағын таза ұстауға шақырамын”, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі