
Ақтау қаласын абаттандыру жұмыстары аясында жағалау және қала аумағында жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып жатыр.
Қазіргі таңда жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері теңіз жағалауы мен қаладағы қоғамдық орындарға орнатылуда. Ал, жағалаудағы бұрынғы орындықтар мен қоқыс жәшіктері халық көп жүретін шағын аудан периметріне, яғни жаяу жүргіншілер жолдарының бойына орнатылып жатыр.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі