
Бүгін, қала әкімдігінде Ақтау қаласы әкімінің апарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Асқар Нұржаубайдың төрағалығымен қоғамдағы жат діни ағымдардың алдын-алу бағытында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.
Жиынға «Ақтау қаласы әкімдігінің қоғамдық даму ортылығы» КММ дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бөлімінің жетекшісі, дінтанушы Нұрлан Газимов шақыртылды.
Отырыста жат діни ағымдардан қорғану, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдарға араласуын болдырмау, алдын алу тәсілдері, кереғар діни идеологиялардың ықпалынан сақтану, теріс діни ағымдардың қауіптілігі мен олардан сақтану жолдары туралы айтылды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі