Әбілқайыр Байпақов қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен танысты

Әбілқайыр Байпақов қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен танысты

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов шаһарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты. 

Қала әкімі алдымен 19 а-шағын ауданында жүргізіліп жатқан жаяу жүргіншілер жолының жұмыстарын тексерді. Мердігер мекемеге істі жеделдетіп, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруды тапсырды. 

Қала бойынша тратуарларды шұғыл түрде ретке келтіру керек. Сосын теңіз жағалауынан шыққан орындықтар мен қоқыс жәшіктері бар. Соларды алып, қаланың әр жерлеріне қондыру керек, – деді қала әкімі. 

Кейін шаһар басшысы 14-шағын аудандағы айналма жолдың көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Мердігер мекеме басшысына қала тұрғындарының уәжін айтып, жасыл-желекті баптауға күш салуды міндеттеді. 

-Егеміз де, суарылмай қалады деген тұрғындар уәж айтады. Сондықтан еккен ағаштың өсуіне жағдай жасау керек, – деді Әбілқайыр Байпақов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі