«Үлгілі аула»: Ақтауда 17-шағын аудан тұрғындары үйінің ауласын баққа айналдырды

«Үлгілі аула»: Ақтауда 17-шағын аудан тұрғындары үйінің ауласын баққа айналдырды

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында “үлгілі аула” айдары биыл қайта қолға алынды.

Қаламызда ауласын үлгі етіп көрсетер көпқабатты үйлер жеткілікті. Солардың алғашқысы 17-шағын аудандағы “Грин Плаза” тұрғын үй кешені. 2 мыңға жуық тұрғыны бар кешен тек Маңғыстаудың ғана емес Қазақстанның маңдайалды үйлерінің бірі. Өйткені тұрғын үйдің сәулеті мен қоса оның ауласындағы жасыл-желек талайды таңырқатпайды қоймайды.

“Грин Плаза” тұрғындары ауладағы жасыл-желекті күтіп ұстау оны баптау ісін өз күштерімен жүзеге асырып жатыр. Олар ортақ мүлік иелері бірлестігінің арқасында ауласын жасыл оазиске айналдырған. Тұрғын үй кешені мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Гүлсима Жұбатырованың айтуынша, бұл жұмыстар тұрғындардың ауызбіршілігі мен ниетінің арқасында жүзеге асып жатыр.

-Әр өсімдікке біз ерекше күтіммен қараймыз. Және бұл әдемілікті сақтап қалғымыз келеді. Ол үшін біздерге еңбек пен ниет керек, - деді МИБ төрайымы Гүлсима Жұбатырова.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі