Aқтауда «Түркі биінің ырғағы» халықаралық би фестивалі өз мәресіне жетті

Aқтауда «Түркі биінің ырғағы» халықаралық би фестивалі өз мәресіне жетті

«Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында «Түркі биінің ырғағы» халықаралық би фестивалінде жеңімпаздар анықталып, өнерпаздар марапатталды.

Бұл ерекше мәдени жоба түркі әлемінің әртүрлі елдерінен, атап айтқанда, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Қазақстан қалаларынан келген үздік би топтарын бір сахнада жинады. Олар өздерінің салт-дәстүрлерін, туған жер тарихын  әуен ырғағымен толғады, мың бұралған би арқылы бейнеледі. Әр шығармашылық ұжым көрерменнің ыстық ықыласқа бөленіп, арнайы марапаттарға ие болды. 

Сонымен қатар, «Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына барынша белсенді қатысқан би ұжымдарына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев ТҮРКСОЙДЫҢ бас марапатын табыстады. Онымен қоса, әр ансамбльге қаржылай сыйақы табысталды.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі