«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы»: Амфитеатр алаңында қауіпсіздік мәселесі қатаң қадағаланады

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы»: Амфитеатр алаңында қауіпсіздік мәселесі қатаң қадағаланады

 4-6 сәуір күндері аралығында Ақтау қаласы 15-шағын аудандағы Амфитеатр алаңында Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақтау — Түркі әлемінің астанасы» атты іс-шара өткізу жоспарланған. Теңіз жағалауы аумағында көлік қозғалысын шектеу,  жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын үйлестіру жөнінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Нұрсейт Оразов түсіндірді.

- Ауқымды іс-шарада отандық және шетелдік өнерпаздар өнер көрсетеді. Шет елдерден қонақтар келеді деп күтілуде. Сол себепті   жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру үшін жергілікті билік органдары арнайы шаралар қабылдады. Көлік ағынын қамтамасыз ету үшін қоғамдық көлік маршруттары көбейтіліп, қосымша автобустар қатынайды. Құқықтық тәртіппен жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Кез келген заңсыз әрекеттерге қарсы қатаң шаралар қабылданатынын ұмытпаңыздар!- деді Нұрсейіт Оразов

Сонымен қатар, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан 5 сәуір күні сағат 14:00-ден бастап, 14 -шағын аудандағы "Астана" сауда орталығы маңындағы жол қиылысынан бастап 15-шағын аудандағы Самал жол қиылысы аралығында тас жол жабылатындығын мәлімдеді.

- Іс-шаралар өткізілетін жерлерде қосымша автотұрақ орындары ұйымдастырылады, сондай-ақ кейбір аудандарда тұрақтауға шектеулер қойылады, бұл көлік қозғалысының еркін болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мерекеге орай 6 автобустың қозғалысысын ұйымдастыру жоспарда бар. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жол ережесін сақтауды ұмытпағаны жөн,- деді Асхат Нұрмұхан.

Атап өтейік, іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға және алкогольді сусындарды пайдалануға тыйым салынады!

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі