
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының тұрғындары сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Тазалық шарасына 4 және 15-шағын аудан тұрғындары бір кісідей жұмыла кірісті. Олар ауладағы арам шөптерді шауып, ағаштардың түбін қопсытты. Тұрғын үй ауласын сыпырып, шыққан қоқыстарды жинады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі