
Ақтаудағы бағдаршамдарды күтіп ұстау шартына сәйкес мердігер мекеме қызметкерлері қала аумағында бағдаршам секцияларын жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша бағдаршам нысандарын жуу, бояу, және қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
«Бұл жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүргізіледі», – Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Қойшыбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі