Ақтауда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ақтауда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласында автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС мамандары қазіргі таңда “Кездесу” жанармай бекеті аумағындағы автомобиль жолдарындағы шұңқырларға асфальт төсеуде. Аталған жұмысқа 3 арнайы техника мен 10-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

«Ақтау қаласы тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Қойшыбаев.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі