«Кездесу» газ құю бекеті мен «Тойота центр» қиылысына дейінгі автомобиль жолының бір бағыты уақытша жабылды

«Кездесу» газ құю бекеті мен «Тойота центр» қиылысына дейінгі автомобиль жолының бір бағыты уақытша жабылды

Ақтауда қаласында мамандандырылған арнайы ХҚКО-нан бастап Нұрас жанармай құю станциясына дейін 5 км автомобиль жолын реконструкциялау” жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты “Кездесу” газ құю бекетінің қиылысынан “Тойота центр” қиылысына дейінгі автомобиль жолы 2025 жылдың сәуір айының 10-на дейін жолдың бір бағыты жабылып, қарсы бағыты екі бағытта қозғалуға ашық болады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағытындағы уақытша өзгерістерді ескере отырып, жол жүру ережелерін сақтауда сұраймыз.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі