
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр сенбі сайын Ақтауда тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.
Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тазалық акциясына 30-ға жуық техника мен 600-ден астам мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкері қатысып, белсенділік танытты.
Сенбілік 15 шағын ауданнан бастап 4 ш/а “жартасты соқпаққа” дейінгі аумақта жүргізілді. Тазалық шарасы барысында жағалаудан 15 тонна қоқыс шығарылды.
“Алдағы уақытта жұмыстар жалғасын тауып, әкімдіктің бақылауында болады”, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Басбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі