Шаһарда шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Шаһарда шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

2025 жылы Ақтау автожолдарының 12769 шаршы метр аумағына шұңқырлы жөндеу жоспарланған. Жыл басталғалы оның 1 мың шаршы метріне асфальт жабындысы төселді.

Бұдан бөлек қаладағы 3 жолдың орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Олар:

1. 27 шағын аудан, «Жасыл» базардан «Байтерек» СО дейін №9г автомобиль жолы (935м);

2. 4 ш/а мен Т. Шевченко алаңының арасындағы №10а автомобиль жолы(590м);

3. 6 ш/а «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан «Дана» дүкен қиылысына дейінгі №10 автомобиль жолы (575м).

«Шұңқырлы жөндеу кезінде кейбір жолдар жабылатын болады. Осы ретте қала тұрғындарынан түсіністік танытулырын сұраймыз» – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі