Қала аумағын қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда

Қала аумағын қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласында жаңбырдан кейін қала аумағын және шағын ауданішілік жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер мекеме тарапынан 300-ден астам қызметкер жұмылдырылып және 15-ке жақын арнайы техника жұмыс істеуде.

“Қала аумағын балшықтан және қоқыстан тазарту жұмыстары әлі де жалғасады” - Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі