
Қала аумағанда толассыз жауған жауын салдарынан шағын аудан ішінде қозғалыс қиындады. Мердігер мекеме тарапынан ішкі автомобиль және жаяу жүргінші жолдарын жаңбыр суынан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 12,13,16,17,27 және 29 шағын аудандарда су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 13 дана арнайы құрылғы, 3 арнайы техника және 80 қызметкер жұмылдырылды.
“Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады. Шағын ауданішілік суларды тазарту кезең-кезеңімен жүргізіледі”, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі