Ақтау көшелерінен 350 м³ жаңбыр суы алынды

Ақтау көшелерінен 350 м³ жаңбыр суы алынды

Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізілуде:

- 17 ш/а “Грин Плаза” ТҮК маңы;

- 34 ш/а Қан орталығы маңы;

- 30 ш/а “Олжа” СО маңы;

- 30-32 ш/а қиылысы;

- 32 Б-31 Б ш/а аралығы;

- 16 ш/а “Инара” ТҮК маңы;

- 17 ш/а “Халық арена” СК маңы;

- 31 ш/а “Мағаш” базарының аумағы;

- 31 ш/а “Хазар базар” маңы;

- 12 ш/а 59 үй маңындағы автомобиль жолы;

- 31 А-32 А ш/а қиылысындағы авто жол.

Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 м³ жаңбыр суы алынды. 

Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғасады.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі