
Ақтау қаласындағы “Амфитеатр” алаңында «Наурыз- жыл басы» атты Абай МДК-ның шығармашылық ұжымдары мен қала өнерпаздарының мерекелік концерті басталды.
Концерттік бағдарлама 2 бөлімнен құралады. Алғашқы бөлімде қала өнерпаздарының әні мен биі ұсынылса, екінші бөлімде ҚР эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Шара мерекелік отшашумен аяқталады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі