Наурыз мейрамына дайындық қызу жүріп жатыр!

Наурыз мейрамына дайындық қызу жүріп жатыр!

Ақтау қаласында мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп, алаңдарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы шараларға дайындық жалғасуда.

Наурыз мейрамы 21-22 наурыз күндері қаламыздың теңіз жағалауында тойланады. Биыл жағалауда 30-ға жуық ақшаңқан киіз үй тігіледі.

Бұл күні дәстүрлі тағамдар әзірленіп, түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді. 

Баршаңызды көктемнің басты мерекесін бірге атап өтуге шақырамыз! 

Іс-шара өтетін орындар туралы толық ақпаратты қала әкімдігінің парақшасынан және ресми сайтынан көре аласыздар!

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі