
Ақтау қаласының орталық автомобиль жолдарын күтіп ұстау шартына сәйкес көктемгі жол жуу жұмыстары басталды.
Бұл жұмысқа 3 арнайы техника мен 10-ға жуық қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде бүгін орталық автомобиль жолдарына 30 м³ су себілді.
Айта кетейік қаладағы көлік жолдарын жуу жұмыстары күнделікті таңғы сағат 06:00-08:00 аралығында (ауа-райының тұрақты күндері) жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі