Ақтаулық кәсіпкерлер тазалық акциясын қолдады

Ақтаулық кәсіпкерлер тазалық акциясын қолдады

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шаһардағы бинес нысандарында сенбілік жұмыстары жалғасуда.

 Кезекті тазалық акциясын қолдағандар “Жусан” банк және “Мағаш” сауда үйінің қызметкерлері болды. Шараға барлығы 50-ден астам қызметкер кестеге сәйкес аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізді. Жасыл желек пен жиек тастарды әктеп, жиналған қоқыстарды шығарды.

-Бүгін біз “Таза Қазақстан” акциясы аясында жиналдық. Біздің басты мақсатымыз - еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту. Тазалық бұл біздің жауапкершілігіміз. Сенбілік өткізу арқылы экологиялық мәдениетімізді арттырамыз. Басқа да кәсіпкерлерге сенбілікті қолдауға шақырамыз, - деді “Мағаш” сауда үйінің әкімгері Қырмызы Жұмағали.

Айта кетейік бұған дейін Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қаладағы барлық мекеме басшылары мен кәсіпкерлерге үндеу жасап, тазалық шараларына атсалысуға шақырған еді. 

Осыдан кейін қаланың тазалығына үлес қосушылардың қатары көбейіп келеді.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі