
Ақтау қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Коммуналдық сала қызметкерлері келесідей жұмыстарды жүзеге асыруда:
- жол жиектерін қоқыстан тазалау;
- жол жиек тастарын әктеу және жуу;
- жол белгілерін қалпына келтіру және бояу;
- бағдаршам секцияларын тазалау және бояу;
- әлеуметтік маңызы бар аялдамаларды тазалау және жуу;
- жаяу жүргінші өтпелерін жаңарту;
- жол таңбаларын қайта жаңарту;
- шұңқырлы жөндеу жұмыстары.
Аталған жұмыстарға 240 жол жұмысшысы және 18 арнайы техника жұмылдырылды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі