Наурыздың 22-сінде Ақтау қаласында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтеді.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киімді дәріптеп, оның бай мәдени мұрасын халықаралық деңгейде көрсету.
Қатысу шарттары:
• Фестивальге 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
• Қатысушылар http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, 362 теңге көлемінде қатысу жарнасын төлеп, арнайы форманы толтыруы қажет.
• Тіркеуден кейін 20 наурызға дейін ұйымдастырушылардан жеке нөмір беріледі.
• 22 наурыз күні сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін бекітілген орынға каталогқа сәйкес ұлттық киіммен келу қажет.
• Рекорд қою рәсімі сағат 10:30-да басталады. Барлық қатысушыларға арнайы білезік беріледі.
Мекен-жайы:
Ақтау қаласы, 15 ша/а, 68-ші үйіне қарама-қарсы теңіз жағалауы.
Ұлттық киімдердің ерекшеліктері:
Фестивальде қазақтың дәстүрлі бас киімдері ерекше назарда болады:
• Тақия – цилиндр пішінді, әшекейлермен безендірілген, ұлттық нақыштағы бас киім.
• Бөрік – барқыттан, қой терісінен жасалып, салқын мезгілде киетін ерлер мен әйелдердің бас киімі.
• Сәукеле – ұзатылатын қызға арналған ең әсем әрі биік бас киім. Сыртқы бөлімі күміс және асыл тастармен безендіріледі.
• Кимешек – әйелдердің дәстүрлі бас киімі, көбінесе үлкен жастағы аналарға арналған.
• Орамал – ақ матадан жасалып, иық пен арқаға жауып тұратын ұлттық бұйым.
Мақсаты мен маңызы:
“Kazakh Record” фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Уақыты мен орны:
• Күні: 22 наурыз 2025 жыл
• Уақыты: Сағат 9:00
• Өтетін орны: Ақтау қаласы, 15 ша/а, 68-ші үйіне қарама-қарсы теңіз жағалауы.
Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықтарды «Kazakh Record» фестиваліне шақырамыз!
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі