Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен “Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы-2025” жобасы аясында қалалық Абай мәдениет үйіне 2 автобус пен 1 “Газель” автокөлігі табысталды.
39 шығармашылық ұжымы бар мәдениет үйі гастрольдік сапарларға жиі шығатынын ескерсек, жаңа автобус әртістердің алыс-жақын жол жүрулері үшін қолайлы болса, сол сияқты костюмдерін, реквизиттерін, декорацияларын тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетеді. Енді міне, қала әкімі Ә. Байпақовтың қолдауымен мәдени ошақ ұжымына Түркі әлемінің мәдени астанасы шеңберінде 47 орынға арналған «Daewoo» маркалы қос заманауи автобус пен 1 “Газель” автокөлігі табысталды.
-Бізде бүгін үлкен мереке. Өйткені облыс және қала әкімдігі бізге 2 бірдей автобус пен газель сыйлады. Бұл біздер үшін үлкен көмек болды, - деді ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақова.
Айта кетейік Абай атындағы мәдениет сарайы ұжымы заманауи үлгідегі автобустарға алғаш рет қол жеткізіп отыр. Өнер иелері мұндай тосын сыйға таңданысын жасармады.
- Биылғы жыл Ақтау - Түркі әлемінің астанасы болып белгіленді. Соның аясында біз осындай сыйлық алып жатырмыз. Көп-көп рақмет, - деді ҚР мәдениет саласының үзідігі, Абай мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Құдайберген Ахметов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі