Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар арасында сауалнама жүргізіледі

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар арасында сауалнама жүргізіледі

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар арасында сұранысқа ие оқытулардың басымды бағыттарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы - тегін түрде мемлекеттік
қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын оператор. Сондай-ақ кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік
қаржылық емес қолдау көрсетеді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары кәсіпкерлерге және
кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік
қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
1) кәсіпкерлік әлеуетті арттыру (салалық (профильдік) оқытулар);
2) әйелдер кәсіпкерлігін дамыту (кәсіби және бизнес оқытулар);
3) жергілікті және локальды ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау;
4) консультациялық және сервистік қызметтер көрсету арқылы кәсіпкерлік
әлеуетті күшейту;
5) іскерлік байланысты кеңейту және кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру.
2,3-тармақтар бойынша кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа
мемлекеттік қаржылық қолдау алдағы жылға бекітілген бюджетке сәйкес
көрсетіледі.
Оқытуларға алдын ала дайындалу мақсатында, қазіргі таңда, Маңғыстау
облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар арасында сұранысқа ие оқытулардың басымды бағыттарын
анықтау мақсатында келесі сілтеме бойынша
https://forms.gle/Zes14P5XTZ9ZR4Qr6 сауалнама жүргізеді (кәсіптік және
бизнес-оқыту, салалық (бейіндік) оқыту).