Маңғыстауда «Үздік ауылдық мәдениет үйі» анықталды

Маңғыстауда «Үздік ауылдық мәдениет үйі» анықталды

Маңғыстау облыстық «Үздік ауылдық мәдениет үйі» байқауды қортындылау, жүлдегерлерге, мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерге мемлекеттік және салалық марапаттар табыстау рәсімі және гала-концерт өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жыл басында облыстық «Үздік ауылдық мәдениет үйі» байқауы жарияланып, жыл бойы ауылдық мәдениет үйлері мен әдіскерлері жұмыстарын дайындады. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған байқауға бірінші аталым «Үздік ауылдық мәдениет үйі» бойынша - 8 мәдениет мекемесі қатысса, екінші аталым «Әдістемелік идеялар панорамасы» бойынша -15 әдіскерлер қатысты.

Бірінші аталым «Үздік ауылдық мәдениет үйі» бойынша Маңғыстау ауданы, «Шайыр» ауылдық мәдениет үйі Бас жүлдені иеленіп 2 миллион теңге сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, I дәрежелі диплом Қарақия ауданы, «Мұнайшы» ауылдық мәдениет үйі, II дәрежелі диплом Түпақараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мәдениет үйі, III дәрежелі диплом «Ұштаған» ауылдық мәдениет үйі, және Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, «Ұзақбай Қазжанұлы атындағы ауылдық мәдениет үйлеріне бұйырды.

Екінші аталым «әдістемелік идеялар панорамасы» бойынша «Кендірлі әдіскерлер тобы» Жаңаөзен қаласы, «Кендірлі» ауылдық мәдениет үйінің әдіскерлері Асанова Айжан,  Құбаева Әсел Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, I-дәрежелі диплом Қарақия ауданы, «Мұнайшы» ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Назарбаева Жаңылға II-дәрежелі диплом Маңғыстау ауданы,  «Қосбұлақ» ауылдық клубының әдіскері Абдуллаева Назгүлге, III - дәрежелі диплом Маңғыстау ауданы, «Жыңғылды» ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Тельбаева Жаннаға және Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр» ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Саурбаева Анарға бұйырды.

Байқаудың мақсаты - облыс көлеміндегі клуб мекемелері қызметкерлеріне, мәдениет мекемелеріне қолдау мен дамытудың біртұтас жобасын жасау, клуб мекемелері қызметкерлерінің кәсіптік шеберлік деңгейін қалыптастыру, мәдениет мекемелерінің әлеуметтік қуатын арттыру, клуб мекемелеріндегі белсенді шығармашылықпен айналысатын қызметкерлердің жұмысын дәріптек, мадақтау. Барлық жеңімпаздарды Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сали Нұртас Төребекұлы құттықтап, дипломдар мен қаршылай сертификаттар табыстады.